Шымкент әкімдігінің ішкі аудит қызметі басшысы алаяқтық үшін сотталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2019 16:01 zakon.kz
А.Сламов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айыру мен 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі аудит қызметінің басшысы А.Сламовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған, деп хабарлайды zakon.kz.

А.Сламов 2018-2019 жылдар аралығында Шымкент қаласы Білім басқармасының "Музыкалық колледж" МКҚК-да жүргізілген аудиторлық тексерудің оң шешімін қабылдағаны үшін осы колледждің директорынан 1 млн 200 мың теңгені алдау арқылы иемденді деп күдіктелген.

2019 жылдың 11 желтоқсанында Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен А.Сламов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айыру мен 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: