Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мырзахметов қоғамдық қабылдау өткізді

-, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 02:58 -
Қала басшысы Айтқазы Қаралабаевқа нақты міндеттер жүктеп, ең алдымен тұрғындардың аса алаңдаушылығын туғызып отырған осындай түйінді түйткілдерді оңынан тарқатуға күш салу керектігін ескертті.

Облыс орталығы – Тараз қаласындағы қордаланған мәселелерді уақыт созбай шешу үшін түбегейлі зерделеу мен жүйелі жоспар қажет. Бұл туралы облыс әкімі, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметов партияның Тараз қалалық филиалында өткізген қоғамдық қабылдауында баса айтты. Аймақ басшысы қабылдауға келген тұрғындардың тілек-өтініштеріне аса мұқият назар аударып, шаһардағы жарықтандыру, тазалық, канал жүйелерінің мәселелерін шешу мен бақылауда ұстау бойынша қала әкіміне нақты тапсырмалар жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қабылдауға алғаш болып кірген тараздық зейнеткер Назым Нұрбаева өзі тұратын Заводская көшесінің 2-бұрылысын жарықтандыру мәселесін көтерді. Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров аталған көшенің келер жылы толығымен жарықтандырылатынын жеткізді. Өз кезегінде Асқар Исабекұлы түгендеу барысында қала бойынша 700-ден астам көше-бұрылыстардың анықталғанын, жалпы шаһардағы 1500 көшеге зерделеу ұйымдастырып, оларды толығымен жарықтандыру шараларын уақыт созбай орындаудың маңыздылығына тоқталды. Ол үшін қала басшысы Айтқазы Қаралабаевқа нақты міндеттер жүктеп, ең алдымен тұрғындардың аса алаңдаушылығын туғызып отырған осындай түйінді түйткілдерді оңынан тарқатуға күш салу керектігін ескертті. Бұл бағыттағы жұмыстарды оңтайландыру арқылы аз уақытта атқарудың жолдарын қарастыру керектігін айтты.

Ал, Қалдыкүл Досжанова қаладағы "Қаратау" шағын ауданындағы №32 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеуден қашан өтетінін сұрады. Аймақ басшысы келер жылы шаһардағы 80 үй жаңғыртудан өтетінін тілге тиек етіп, аталған тұрғын үй де сол тізімде бар екенін білдірді. Аталған көпқабатты тұрғын үй маңындағы ағын су жүйесінің мәселесіне де айрықша көңіл бөлген облыс әкімі қаладағы барлық су жүйелерінің тазалығын барлау керектігін тапсырып, бұл жұмыстардың маңыздылығына назар аудартты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 02:58

Сондай-ақ, қабылдауға келген көпбалалы ана Шәкен Ахметжанова өзінің 2010 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтты. Бүгінде аталған тізімде ол 33-болып тұр екен. Көпбалалы ана ағымдағы жыл соңына дейін бірқатар тараздықтармен бірге қоныс тойын тойлайтынын естіп қуанышын жасыра алмады. Оған жуық арада арендалық негіздегі пәтер кілті табысталмақ.

Қабылдауға жазылған өзге тұрғындар мектеп оқушыларының тасымалы, жұмысқа орналасу секілді мәселелерін көтерді. Ол бойынша тиісті тұлғаларға нақты хаттамалық тапсырмалар жүктелді. Ал, Талант Нұрғожаевтың Тәжік-Ауған шекарасында құрбан болған бес жауынгерге ескерткіш орнату ұсынысы да қолдауға ие болды. Асқар Исабекұлы аталған шекарада әскери борышын өтеген 700-ден астам жамбылдықтың бар екенін ескеріп, аталған ұсыныс ескерусіз қалмайтынын, ескерткішті "Жеңіс" паркінен ашу жұмыстары жүргізілетін жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 02:58

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: