Жаңалықтар тізбегі
0

"Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 18:47 Ақорда
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды.

Дулат Адырбеков "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Дулат Темірғалиұлы Адырбеков "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды" делінген Ақорда жариялаған ресми хабарламада.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 18:47

1970 жылы 13 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Шымкент облысы Шәуілдер поселкасында орта мектептік 8 сыныбын бітіріп, Шымкенттегі әскери кәсібиленген арнайы мектебіне түсіп 1988 жылы бітірген.

1992 жылы М.В. Фрунзе атындағы Киев жоғары қарулы командалық училищесін "Командалық-тактикалық мотоатқыштар әскері" мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

- Арнайы взвод командирі, рота командирінің орынбасары, арнайы взводтағы жеке құрам командирі, Республикалық гвардия оқу-жаттығу батальонының командирі (1992-2003);

- Республикалық гвардия бірінші полкі командирінің бірінші орынбасары-штаб бастығы, әуе шабуыл бригадасы командирінің орынбасары-штаб бастығы (2003-2008);

- Астана әуе шабуыл бригадасының командирі, Қазақстан бітімгершілік бригадасының командирі, Құрлық әскерлерінің оқу орталығының бастығы (2008-2013 жж.);

- "Отар" 40-шы әскери базасының бастығы, "Оңтүстік" РrК әскерлер командирінің орынбасары (2013-2015);

- Өңірлік қолбасшылық командирінің орынбасары (жауынгерлік дайындық үшін), "Батыс" РrК әскери дайындық бөлімінің бастығы (2015-2016 жж.);

- Бас қолбасшының орынбасары (ВиСПР-ге сәйкес) - ҚР ҰК СГ ВС УГК тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы (2016-04.2018);

- "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (04.2018 ж. бастап).

Мемлекеттік және халықаралық марапаттар, сыйлықтар, құрмет, атақтары:

ІІ-дәрежелі "Айбын" ордені;

Медальдар

Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, құрметті атақтар:

Генерал-майор (05.06.2017)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: