Жаңалықтар тізбегі
0

Мәдина Әбілқасымова жаңа Агенттікке басшы болып тағайындалды

Информбюро, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 18:47 Информбюро
Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Мемлекет басшысының Өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1999)

- "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы

- Колумбия университеті (2001-2003)

Халықаралық қатынастар магистрі, "Экономикалық саясатты басқару" мамандығы

- Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі (2010-2011)

Мемлекеттік басқару магистрі

Еңбек жолы:

- Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы (1999-2001);

- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы (2003-2004);

- "Маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығы" АҚ Мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры (2004-2006);

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2006-2008);

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығы басшысының орынбасары (2008-2011);

- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі (2011-2013);

- Дүниежүзілік банктегі Қазақстан Басқарушысының орынбасары (2012 жылдан бастап);

- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2013-2014 жж.);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі (08.2014-02.2018);

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (02.09.2018 - 02.25.2019);

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі (03.2019);

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (2019 жылғы 28 наурыздан бастап).

Өзге лауазымдары:

- "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (09.2011 - 05.2013);

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (12.2014 - 21.02.2018);

- "Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (12.2016);

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі (02.21.2018 - 2019).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: