Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет басшысы Атырау облысының жаңа әкімін ұжымына өзі таныстырды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 03:38 primeminister.kz
Премьер-министр бұрынғы әкім Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметінде табыс тіледі.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Атырау облысының активіне жаңа әкімді - Махамбет Досмұхамбетовты таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жаңа әкімнің алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша маңызды міндеттер қойылды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Атырау облысының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр, Махамбет Жолдасғалиұлының зор сенімді ақтайтынына сенемін", — деді Мамин.

Премьер-министр бұрынғы әкім Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметінде табыс тіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 03:38

Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын "Геология және мұнай, газ кен орындарын барлау" мамандығы бойынша және Қазақ мемлекеттік заң университетін "іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы "Ембімұнай" бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған.

Түрлі жылдары "Ембімұнай" ӨБ, "Мұнай" БК, "Ембімұнайгаз" геологы, "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ геология департаментінің директоры болып жұмыс істеді, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазГерМұнай" БК, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ геология департаменттерін басқарды.

2013 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың қаңтар айы аралығында "Ембімұнайгаз" АҚ бас директоры, басқарма төрағасы қызметін атқарды, 2015 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың қараша айы аралығында – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары.

2016 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР энергетика министрлігінің бірінші орынбасары лауазымында болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: