"Ғылым қорын" есіл-дерті ақша болған парақор басқарып келіпті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 16:20 zakon.kz
ҚР БҒМ "Ғылым қоры" басқармасының бұрынғы төрағасы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы А.Ж.Сұлтанғазинге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ол Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Т.Едрисовті ҚР Білім және ғылым министрінің жеке қабылдауына кіргізгені үшін одан 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктелді.

18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен А.Ж.Сұлтанғазин кінәлі деп танылып, оған 57 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аталған тұлға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: