ҚР СІМ: Тасмағамбетов өз еркімен қызметінен кетті
Reuters
Сыртқы істер министрінің айтуынша, Иманғали Тасмағамбетов бұдан былай СІМ жүйесінде жұмыс істемейді.
Ресейдегі Қазақстанның бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов өз еркімен отставкаға кетті, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында, деп хабарлайды zakon.kz.
- Ол өз еркімен жұмыстан кетті және зейнетке жасына жетуіне де байланысты. Ол кісі бұдан былай енді Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істемейді деп түсінемін мұны, - деді Мұхтар Тілеуберді.
18 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Тасмағамбетов Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. 9 желтоқсанда ол 63 жасқа толды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript