Бішкекке АвтоВАЗ келді: қырғыз халқын да Lada-ға мінгізу басталды
АВТОВАЗ баспасөз қызметі хабарлағандай, автокөлік өндірушісінің Қырғызстандағы серіктесі пайда болды: Asiamotors компаниясы Бішкекте Lada-ның тұңғыш ресми дилерлік орталығын ашты.
Онда Lada маркасының барлық модельдері мен француздық Renault көліктері сатылмақ, деп жазады kolesa.kz.
АВТОВАЗ өкілдері қырғыз нарығына қатысты нақты жоспарларымен бөліспеді, алайда Lada Export бөлімшесінің басқарушы директоры Макс Миссана Lada маркасының бұл елде болашағы бар деп санайтынын және нарықта көшбасшыға айналуы мүмкін екенін жеткізді.
Бішкектегі автосалон ресейлік Lada-ның 2019-шы жылы шетелде ашылған осымен 15-ші шоурумы болып отыр. Бұған дейін Lada автосалондары Әзірбайжан, Моңғолия, Беларусь және Өзбекстанда ашылған болатын.