Жаңалықтар тізбегі
0

Д.Назарбаева балық шаруашылығы өкілдерімен кездесті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 22:34 Ж.Құспанов
Сенатта Дариға Назарбаева балық шаруашылығы саласының өкілдерімен жұмыс бабында кездесті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауларға дайындық аясында балық шаруашылығы саласының өкілдерімен жұмыс бабында кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде "Қазақ балық шаруашылығы" ЗТБ атқарушы директорының міндетін атқарушы Серік Темірханов балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлер мен фермерлердің негізгі мәселелеріне назар аударды. Олардың қатарында балық өнімдері айналымының есепке алынбаған көлемінің ауқымы, шикізат тапшылығы, суда өсіруді дамыту деңгейінің төмендігі, экспорт аясының тарлығы, ғылыми-зерттеу институттарының саладағы өзекті мәселелерден алшақтықтығы бар.

С.Темірханов ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан саланы әкімшілендірудің жетіспеушілігіне назар аударды, оның айтуынша, "еліміздің ауыл шаруашылығы индустриясындағы балық шаруашылығының рөлі туралы түсінік әлсіз болып отыр".

Сала өкілдерінің бағалауы бойынша, балық өнімдері айналымының 70 пайызы заңды базардан сырт қалып, "көлеңкелі сектордан" орын алған. С.Темірханов балық пен балық өнімдерін шаруашылықтардан дүкен сөрелеріне дейін қадағалау жүйесін енгізу жағдайды жақсарта алар еді деп есептейді.

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өкілдері көтерген өзекті мәселелерді зерделеуді және оларды 2020 жылға жоспарланған парламенттік тыңдауларда талқылауға дайындауды тапсырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 22:34

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: