ММА файтері қарсыласын ешқандай соққысыз 9 секунд ішінде жеңді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 23:43 видеодан алынды
Кейін Дуракович ауруханада бір-ақ есін жинағанын айтқан.

Аргентиналық ММА файтері Франсиско Баррио босниялық Ади Дураковичті бір соққы жасамай жеңді. Спортшы төрешіге келіп, берілетін айтқан, деп хабарлайды "Хабар-24"

Оқиға 14 желтоқсан Хорватияда өткен Fight Nation Championship турнирінде болды.

Виедодан екі файтердің октагонда бір-біріне жақындағанын, алайда бірнеше секундтан кейін-ақ Дураковичтің еш қорғанбай, төрешіге келіп берілетінін айтқанын көруге болады. Осылайша төреші жекпе-жекті тоғызыншы секундта тоқтатты. Кейін Дуракович не болғанын түсіндірді:

"Кеудем қатты қысып, көзім қарауытты. Төрешіге өзімді жайсыз сезініп тұрғанымды айттым, есімде қалғаны осы ғана. Есімді жисам, жедел жәрдем көлігінде екенмін, сосын қайтадан талықсып кеттім. Кейін ауруханада есімді жидым", – деп жазыпты босниялық Instagram желісінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: