Алматыда бас шырша жағылды
Ең басты 20 метрлік шырша "Астана" алаңына қойылды. Жаңа жыл қарсаңындағы рәсімге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы қаласының ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
Бас шырша жарықдиодты гирляндалармен, жаңа жылдық ойыншықтармен және гирляндалармен безендірілген.
Жалпы қала бойынша биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін 9 жасанды шырша қойылды.
Шыршалар Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандары әкімдігі ғимаратының алдында, Ғ. Мүсірепов, Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ академиялық театрының алдында, Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында және Наурыз Village СОО алдындағы алаңда жағылды.
Салтанатты шараға қазақстандық әртістер қатысып, әннен шашу шашты. Олардың ішінде Әли Оқапов, Renzo, Shamis, EQ, Alem Band, Mad Men, Малика YES, Ziruza, КешУоu, Мәдина Сәдуақасова, Асхат Тарғын, Кентал, Mysterions, Дауыс Intern. тобы, Ақылбек Жеменей мен Луина өнер көрсетті.