Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда митинг туралы жаңа заң әзірленеді

Пётр Троценко | azattyq.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 19:28 Пётр Троценко | azattyq.org
Митинг мәдениетін қоғамдық санаға сіңіретін уақыт жетті.

Қазақстан бейбіт жиналыстар туралы мүлдем жаңа заң шығарады. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Біз Конституциямызға сәйкес, митингтерді ұйымдастыру туралы хабарландыру қағидасын енгізуді бастауымыз керек. Егер көшеге шыққандар заң бұзбаса, қоғамдық тәртіпті бұзбаса және азаматтардың тыныштығына кедергі жасамаса – митингтерге рұқсат етіледі. Бұл менің приниптік ұстанымым. Оны сіздер білесіздер, біз енді оны заңды түрде бекітеміз. Қоғамдық санаға митинг мәдениетін сіңіретін уақыт жетті, - деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, "мемлекеттің қоғамдық пікір мен көзқарасқа дұрыс көзбен қарайтын уақыты келді".

- Одан қашып кете алмаймыз. Митингтерге рұқсат беруге мәжбүрлі болмай тұрғанда өзіміз саналы түрде келгеніміз дұрыс. Бірақ митинг деген адамның құқығы қана емес, сонымен қатар жауапкершілік те екенін түсіну керек. Мен қыркүйектегі жолдауымда митингілер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы айтқан болатынмын. Бүгін ҰҚСК отырысында мен президенттік жолдауды жүзеге асыру жоспарын орындау аясында "Бейбіт жиналыстар туралы" заң жобасы әзірленгенін айтқым келеді. Ол бейбіт жиналыстардың барлық түрлерін нақты анықтайды, мәслихаттардың арнайы орындарды анықтауға құзыреттілігін, сондай-ақ ұйымдастырушының мәртебесі, қатысушы және бақылаушы мәртебесі, олардың құқықтары мен міндеттері сияқты ұғымдар айқындалған, деді ол.

Сонымен бірге, Тоқаев бұл тек қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістер емес, бейбіт жиналыстардың барлық түрлерін ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін тұжырымдамалық мүлдем жаңа заң екенін айтты.

- Үкімет заң жобасын парламенттің қарауына жіберуі керек, - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Қалқаманда тұрады. Әкесіндей полицейлер қолын қайырған екі қыз кім

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: