Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылдың үздік жастары марапатталды

-, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2019 00:09 -
"Әулиеата үміті" облыстық жастар сыйлығы – облыс жастарының азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, облыс жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени, шығармашылық деңгейінің артуына және өңірдегі жастар саясатындағы.

Жамбыл облысының әр сала бойынша үздік жастары анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен "Balqaragai" фито-барда өткен шарада үздік жастар "Әулиеата үміті" облыстық жастар сыйлығының он бес номинациясы бойынша марапатталды. "SENIM! EŃBEK! JETISTIK!" форум аясында өткен шараға аймақ басшысы Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, ізгі лебізін білдірді.

"Әулиеата үміті" облыстық жастар сыйлығы – облыс жастарының азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, облыс жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени, шығармашылық деңгейінің артуына және өңірдегі жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, әртүрлі салада жетістікке жеткен және қоғамдық өмірде белсенді болған жастарды қолдау мақсатына негізделді.

Комиссия шешімі бойынша "Үздік жас мемлекеттік қызметші" номинациясы бойынша Ж.Аманбай, "Үздік жас баспа журналист" номинациясы бойынша Ж.Ахметов, "Үздік жас тележурналист" номинациясы бойынша М.Бает, "Үздік жас медицина қызметкері" номинациясы бойынша М.Жуматаев, "Үздік жас мұғалім" номинациясы бойынша Е.Жұмадилов, "Үздік жас музыкант" номинациясы бойынша Е.Жұмат, "Үздік жас ғалым" Т.Иманалиев, "Үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері" номинациясы бойынша М.Көкрекбаев, "Қоғамдық қызметтегі үздік белсенді жас" номинациясы бойынша Т.Көпберген, "Үздік жас айтыскер ақын" номинациясы бойынша Н.Құрманов, "Үздік жас кәсіпкер" номинациясы бойынша Е.Омаров, "Үздік жас жазба ақын" номинациясы бойынша Н.Сатымқұл, "Театр және кино саласының үздік жас актері" номинациясы бойынша Б.Тажимуратов, "Үздік жас спортшы" номинациясы бойынша Қ.Тұрғанбек, "Үздік жұмысшы жас" номинациясы бойынша Е.Тұрғанбек жеңімпаз деп танылды.

Айта кетейік, "ӘУЛИЕАТА ҮМІТІ" облыстық жастар сыйлығын беру ережесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 20 қарашасы - 14 желтоқсаны аралығында Жамбыл облысының 14 пен 29 жасқа дейінгі жастары, халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың, байқаулардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, жүлдегерлері, қоғамдық өмірге белсенді араласқан, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша жаңашыл бастамалар алып келген, жеке басының жетістіктері бар, өзі қызмет ететін салада жетістікке жеткен облыс жастары арасында байқау жарияланған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: