Жаңалықтар тізбегі
0

"Самұрық-Қазына" қорындағы компаниялардың сыртқы қарызы азаяды

Самұрық-Қазына, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2019 19:00 Самұрық-Қазына
Дәлірек айтсақ, Қор төрағасының тапсырмасына сәйкес әзірленген Қордың қаржылық тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар аясында 2019 жылы сыртқы қарыз 650 млн долларға азаймақ.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма Ахметжан Есімовтің тапсырмасына орай, қордағы компаниялар тобының сыртқы қарызы қысқарады деп күтілуде. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Дәлірек айтсақ, Қор төрағасының тапсырмасына сәйкес әзірленген Қордың қаржылық тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар аясында 2019 жылы сыртқы қарыз 650 млн долларға азаймақ.

Айта кеткен жөн, 2018 жылы Қорға қарасты компаниялар тобының сыртқы қарызы 4 миллиард долларға қысқарған болатын.

Жалпы, баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сыртқы қарызды қысқартуда "Қазақстан Темір Жолы" АҚ 780 млн. доллар көлеміндегі еуро-облигацияларды мерзімінен бұрын өтеген. Ал, "ҚазМұнайГаз" АҚ тобы осы жылдың 10 айында 2,6 млрд. доллар сомасына мұнайға аванс беру бойынша міндеттемелерін төмендеткен.

Сонымен қатар, "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық компаниясы 2019 жылдың қыркүйек айында акцияларды қосымша орналастырды, ол сатуларға Қор 128,2 млн доллар (шамамен 50 млрд. теңге) тартқан. Бұл ретте айта кететін маңызды мәселе, Қор акцияларды сатудан түскен барлық қаражатты 2019 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберді.

Яғни, топ ішіндегі қаржыландыруды дамыту бағытында Қор 2019 жылы еншілес ұйымдарына 185 млрд. теңге көлемінде несие берген. Бұл өз кезегінде, инвестициялық жобаларды іске асыруды уақытылы жалғастыруға және Қор тобының шоғырландырылған қарызын ұлғайтпауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Қор 2019 жылдың желтоқсанында "Екібастұз МАЭС-2 станциясы" АҚ-ның 50% акциясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтаған болатын. Осы мәміленің арқасында Қор "Екібастұз МАЭС-2 станциясы" АҚ-ның 3-ші энергия блогын салу бөлігінде инвестициялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік алды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: