Дариға Назарбаева қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2019 18:20 Ж.Құспанов
Ол Сенаттың атынан Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Дариға Назарбаева Алматы маңындағы әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деді Д.Назарбаева.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: