Илья Ильин спорттық мансабын аяқтайды
inbusiness.kz
Ильин Катар кубогында медальсыз қалды, ол 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті және қорытынды кестеде бесінші орын алды.
Қазақстандық әйгілі ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин спорттық мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтты, деп жазады Sputnik.
- Менің ойымша, өмірімдегі ең сәтсіз жарыс Дохада болды. Көңіл-күй содан бері азайды. Мен күшейіп келе жатырмын дей алмаймын. Ендігі ең үлкен мақсатым – Өзбекстанда, содан кейін Нұр-Сұлтанда сәтті өнер көрсету. Егер тәуір нәтиже көрсетіп, тәуір ұпай жинай алмасам – ауыр атлетикамен қоштасатын шығармын. Өйткені Олимпиадаға бара алмаймын, - деді Ильин.
Ильин Катар кубогында медальсыз қалды, ол 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті және қорытынды кестеде бесінші орын алды.
- Дохада адамдар мені үлкен құрметпен қарсы алды және мені қолдады. Бұл өте қуанышты, - деді ол.
2016 жылы Ильин қанынан тыйым салынған дәрілік заттар табылғанына байланысты 2008 және 2012 жылғы Олимпиаданың екі алтын медалінен айырылды.
2018 жылы Ильин үлкен спортқа оралды, бірақ нәтижелерімен қазақстандықтарды қуантпады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript