Еліміздің басым бөлігінде көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды
Желтоқсанның 30-ы күні Қазақстан аумағына Қара теңіз аймағынан циклон жылжып келіп, ол жауын-шашынның жаууына әсер етеді, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер еліміздің батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады деп болжайды, ал қалған өңірлерде қар қыпылықтап жауып, кейбір жерде оның арты жаңбырға ұласады.
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, қар бұрқасындатып, жолда көктайғақ болады. Жармин ауданында көктүтек боран болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді.
Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысында түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматыда ауа райы күндіз 4 градусқа дейін жылы, күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады.
Нұр-Сұлтанда ауа-райы күндіз 13 градусқа дейін суытады, күн бұлтты.