Хорватияда оппозиционер президент сайлауында жеңіске жетті

Total Croatia News; Večernji.hr, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2020 15:51 Total Croatia News; Večernji.hr
Оппозиционер Зоран Миланович Хорватияның жаңа президенті болды.

Хорватиядағы президент сайлауында оппозициялық кандидат, социал-демократ Зоран Миланович жеңіске жетті, деп хабарлайды ТАСС.

Миланович берілген дауыстардың 54%-ын алды, ал оның қарсыласы - республиканың қазіргі президенті Колинда Грабар-Китарович 46% дауыс жинаған, делінеді.

Колинда Грабар-Китарович саясаттағы сәнді киінетін әйел ретінде әлемге танымал еді.

Бірнеше жыл бұрын Колинданың демалыс кезінде бикинимен түскен суреті әлемдік БАҚ-тарда тараған. Толықтау денелі Грабар-Китаровичтің тартымды мүсініне талай адам тамсанған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: