"Қазтелерадио" АҚ-ның басқарма төрағасы ауысты
"Қазтелерадио" АҚ Басқарма төрағасы болып Асқар Нұрымжанов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Асқар Нұрымжанов бұған дейін "Қазақстан" РТРК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
Асқар Нұрымжанов 1972 жылы Алматыда туған.
Соңғы лауазымы: "Қазақстан" РТРК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
Білімі, мамандығы:
Алматыдағы Халық шаруашылығы институты (1999)
Мамандығы "Экономика және менеджмент"
MBA бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес академиясы. Алматы қаласы (2009)
DBA бағдарламасы бойынша Халықаралық Бизнес мектебі (2015)
Еңбек жолы:
· "Қазақтелеком" АҚ ішкі аудит және есеп саясаты бөлімінің жетекші маманы, Алматы қаласы;
· Қаржы бөлімінің жетекші маманы;
· Қаржы департаментінің операциялар бөлімінің бастығы (2003-2006);
· Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясы Қаржы департаменті директорының орынбасары (2006-2016 жж.);
· ҚР Ұлттық банкі Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры (2016-2017);
· "Қазақстан" РТРК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (05.2018 ж. бастап).