Жаңалықтар тізбегі
0

Тапсырма орындалған жоқ! Тоқаевтың кеңесшісі Үкіметтің ұсынысына көңілі толмайтынын айтты

7kun.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2020 23:24 7kun.kz
Ол Президент үшін халықтың 1% емес, 99% қамтитын шешім керек деп санайды.

Зейнетақы жинақтарын баспана сатып алу үшін пайдалану туралы Президент тапсырмасы орындалған жоқ. Бұл туралы өзінің facebook парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Өткен жылдың қыркүйек айында Президент зейнетақы жарнасына қосымша 5 процент енгізу шарасын 2020 жылдан 2023 жылға дейін кейінге шегерді. Сондай-ақ баспана сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма берген. Ал ақырында, Еңбек министрлігі не ұсынды дейсіз? Олар 10-12 миллион теңгеден асатын жинағы бар адамдар үшін бұл мәселені шешіп беруге болатынын айтады, ал бұл дегеніміз 102 мың адам, және олардың зейнетақы жинағынсыз-ақ баспаналы болу ықтималдығы жоғары. Сондай-ақ 2023 жылдан бастап қосымша зейнетақы жарналарын енгізу ұсынылып жатыр. Президент оны 2023 жылға дейін шегеріп, зейнетақы жинағы ақшасының бір бөлігін баспана сатып алуда пайдалану жайын да сол - 2023 жылы шешуге тапсырма берген секілді болып қалды. Бір сөзбен айтқанда, Президенттің бұл тапсырмасы орындалмады. Сонымен қатар, жұмысшы топтың мүшесі ретінде қазіргі айтылып жатқан ұсыныс жұмысшы топтың емес, Еңбек министрлігінің шешімі екенін баса айта кеткім келеді, басқасын білмеймін, өз басым бұған 100% қарсы болдым. Президент үшін халықтың 1% емес, 99% қамтитын шешім керек, - деп жазды Олжас Құдайбергенов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: