Бір минутқа жетпей жеңіліп қалған ММА спортшысы судьяға тап беріп, аяғын сындырмақ болды
Венада өткен One Championship 106 - аралас ережесіз жекпе-жектен (ММА) өткен турнирде моңғолиялық Шинечагтга Золтсетсег қытай спортшысы Ма Я Венді нокаутқа жіберіп, жерге сұлатты, деп хабарлайды Lenta.ru.
Жекпе-жектің 55-ші секундында шешуші соққыны жіберіп алған қытайлық спортшы жерге құлаған күйі судьяны аяғынан шап беріп, өкшесін бұрап жіберуге тырысты.
Өкшені бұрау тәсілінде адамға тізе сіңірінің жыртылуы және өкше сүйегінің сынуы сынды ауыр жарақат келтіріледі. ММА-да бұл әдіске рұқсат етілген, алайда Бразилиядағы джиу-джитсудан өтетін халықаралық турнирлерде бұл қауіпті техникаға тыйым салынған.
Shinechagtga Zoltsetseg ???????? finishes “Cannon” Ma Jia Wen ???????? with a HUGE KNOCKOUT just 55 seconds into the first round! ⏱ #WeAreONE #ONEChampionship #ANewTomorrow pic.twitter.com/wKJKd6A3mK
— ONE Championship (@ONEChampionship) 10 января 2020 г.