Атырау қаласының әкімі өз еркімен отставкаға кетті
Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы отставкаға кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы экс-әкімнің өзі Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Құрметті атыраулықтар! Бүгіннен бастап мен өз еркіммен қала әкімі лауазымын босатып жатырмын. Қызметімде қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, қала тынысы үшін сіздерсіз көптеген оңды өзгерістер жүзеге аспас еді. Сіздерге алғыс білдіремін. Қала өміріне белсенді қатысуға дайын екеніңіз үшін шын жүректен ризамын. Қызметімізде біз әрқашан халықтың мүдделері мен ел және аймақ басшылығының нұсқауларын басшылыққа алдық. Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңіз үшін шын жүректен қуанамын! Барлығы үшін рахмет!" деп жазды ол желіде.