Жаңалықтар тізбегі
0

Закладчиктер деген шықты. Есірткі "жасырушылармен" күрес басталды

Instagram.com/dpn_mvdrk, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 15:23 Instagram.com/dpn_mvdrk
Полиция олармен жұмыс істеуде.

Ішкі істер органдары сатуға арналған есірткілерді тығып қойған немесе жоғалтып алған "жасырушыларға" есірткі дилерлерінің жазалау механизмін анықтады. Есірткі таратуға қатысуға келісе отырып, "жасырушылар" кепіл ретінде Интернет арқылы есірткі таратушыларға ақшалай соманы енгізеді немесе өзіне қатысты жке ақпаратты, мекенжай анықтамаларын ұсынады. Бұдан басқа онлайн-режимде тұрғылықты жеріне, оқу немесе жұмыс орнына баратын әдеттегі жүріс бағыттарын смартфонға түсіреді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында белгісіз себептермен алған есірткіні таратпаған "жасырушылар" туралы ақпарат (паспорт деректері, тұрғылықты мекен-жайы) жарияланатын, телеграм-чат анықталды.

Бұл телеграм чатта заңсыз интернет ресурстарының иелері "жасырушылардың" жазасын тартқызғаны үшін ақшалай сома немесе есірткі түріндегі сыйақы төлейтіні жарияланған.

Қазіргі уақытта полиция күш-қолданылып, зорлық зомбылық көрсетілуі мүмкін 65 тұлғаны анықтады (Нұр-Сұлтан қ. 26 тұрғыны, Павлодар облысының -19, Петропавл қ.-16, Алматы қ.-2, тараз қ. 2 тұрғыны). Телеграм-чаттың иесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды интеренет ресурстарындағы күмәнді ақпаратты таратуға қатыспауға, әлеуметтік желі арқылы жеке деректерін таратпауға шақырады. Ата-аналарға балаларының смартфондарындағы тұрғылықты мекен-жайы, паспорт деректері, күнделікті жүріс бағыттары туралы ақпараты көрсетілген фото және бейне жазбаларға назар аудару ұсынылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: