Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей таратқан ақпаратпен келіспеген депутаттар бір дүрлігіп алды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 21:22 Ақорда
Депутаттар сайлау Конституцияда белгіленген мерзімге сәйкес, яғни 2021 жылы ақпанда өтеді деп санайды.

Мәжіліс депутаттары ресейлік телеарналардың бірі «Қазақстандағы парламенттік сайлау 2020 жылы наурызда өтеді» деп таратқан ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ресей, қызбалыққа салынып жатқан болуы мүмкін. Әйтпесе, білесіз бе, Елбасының өзі - Нұрсұлтан Әбішұлы "бізде Парламенттік сайлау Конституцияға сәйкес, 2021 жылы ақпан айында өтеді" деп бірнеше рет айтқан болатын. Ал жаңа жылдағы көп мереке күндерінен кейін кімнің басында қандай ой туындап жатқанын мен білмеймін, - деді Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко.

Сонымен бірге ол өзінің депутаттық қызметін тиімді атқаруға тырысатынын атап өтті.

- Мен өзіме баға бергім келмейді, өйткені бұл әдепсіздік секілді. Өз басым жұмысым тиімді болатындай атқаруға тырысамын, бірқатар проблемаларды шешуде, меніңше, адамдардың жақсы өмір сүруіне көмектескен секілдімін, - деді палата басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, Мәжілістің тағы бір вице-спикері Гүлмира Исимбаева кезектен тыс парламенттік сайлаудың өту мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

- Мен ресейлік телеарна таратқан ақпаратқа қатысты түсініктеме бере алмаймын, өйткені оны көрген де, естіген де жоқпын. Бірақ біздің партиямыздың саяси кеңесінің отырысында Елбасы да, мемлекет басшысы да парламент сайлауы конституцияда көрсетілген мерзімде өтеді деп қадап айтқан, - дейді ол.

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев қазір барлық партиялар жаңа сайлауалды бағдарламаларын жазып, дайындыққа кірісіп кеткенін айтты.

- Ешқандай сайлауалды дайындық жүріп жатқан жоқ. Парламентте де, Мәжілісінте де барлығы, әдеттегідей, қалыпты жағдайда жүріп жатыр.Nur Otan партиясының белсендісі ретінде жаңа сайлау бағдарламасын жазуға партиядағылар кірісіп кеткенін айта аламын, бірақ мұнымен барлық партия шұғылдануда, қайсы сайлауға түскісі келетіндер, - деді ол.

Депутат бұл жоспар бойынша атқарылып жатқан жұмыс екенін баса айтты.

- Жақсы, егер Ресей наурыз айында бізді сайлау өтеді десе, солай ойлап қарасақ, онда ол туралы баяғыда жариялануы тиіс еді әрі біз де бұлай жайбарақат жүрмес едік. Алашапқын болып, мұрнымызға су жетпей жатуы керек ондайда бізге. Сондықтан бұл техникалық қателік әрі ресейлік журналистердің біліксіздігі деп санаймын, - деді Казанцев.

Ал Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев "партия ретінде біз кез-келген жағдайға дайын болуымыз керек" деп салды.

Алдында Ресейдің "Россия-24" мемлекеттік телеарнасы "Қазақстанда парламенттік сайлау 2020 жылы наурызда өтеді" дейтін видео жариялаған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: