16-18 қаңтарға арналған ауа-райы
pxhere.com
Көптеген облыстарда кей уақыттарда қар, солтүстікте бұрқасын және қатты екпінді жел, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі.
Қазгидромет 2020 жылғы 16-18 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді.
Циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронттар Атланттан ығысып, республикаға жылы және ылғалды ауа массаларын алып келеді.
Сондықтан көптеген облыстарда кей уақыттарда қар, солтүстікте бұрқасын және қатты екпінді жел, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі.
Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында нормадан 3…8°С-қа жоғары, ал оңтүстікте нормаға жуық сақталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript