Мәжіліс депутаты электр энергиясы тарифін бәріне бірдей етіп теңестіруді ұсынды
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Снежана Имашева ҚР Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдан үкіметтің электр энергиясының дифференциальды тарифінің алынып тасталуы мәселесін қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Еліміздің барлық аймағында ірі энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өндіретін электр энергиясы тарифтерін мемлекет реттейді. Реттеуші орган компанияның электр энергиясын сатып алу және тасымалдауға жұмсайтын нақты шығындарын есептей отырып, сатылымға шығатын бірыңғай тарифті белгілейді, содан кейін жеке тұлғаларға, яғни ел тұрғындарына, одан соң заңды тұлғаларға, яғни кәсіпкерлерге, бюджеттік ұйымдарға жеке тарифтер бекітеді. Оның үстіне, біріншісі төмен, екіншісі жоғарырақ болады", - деді ол өзінің депутаттық сауалында.
Нәтижесінде электр энергиясының қарапайым халыққа арналған төмен тарифі кәсіпкерлерге төлейтін тым жоғары тариф арқылы субсидияланады.
"Халыққа арналған тарифті кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар есебінен субсидиялау бұрыннан қалыптасқан тәжірибе болып табылады, яғни электр энергиясының нарығында бәсекелестік болмаған кезде, монополия заманында. Бірақ қазіргі уақытта электр энергиясы нарығында электр энергиясын сатумен айналысатын реттеуге еш бағынбайтын ұйымдар пайда болды. Бұл қызметтің түріне 300-ден астам лицензия берілді, ал олардың арасында реттеуге жататыны - 40-қа жуығы. Сонымен бірге бағынбайтын ұйымдар бәсекелестікке түспейді, бірақ заңды тұлғаларға жоғары тариф қойып, спекульяциямен айналысады. Халыққа арналған тарифтерді қолдан тізгіндеу кәсіпкерлерге арналған тарифтердің үнемі өсуіне әкеліп соғады", - деді Имашева.
Депутаттың айтуынша, аймақтарға барған әр сапарында кәсіпкерлер жоғары тарифтерге шағымданып, ең құрымағанда, белгілі бір деңгейде үнем жасай алған дифференциальды тариф тәсілін қайтаруды сұрайды.
- Алайда, дифференциальды тарифті қайтарғаннан бұрын, ҚР Ұлттық экономика министрлігі белгілейтін ескі тариф схемасына көшкен абзал секілді. Ол бойынша тұтынушылар санаты арасындағы тарифтерді біртіндеп теңестірілуі тиіс. Сонда бизнес үшін электр энергиясының бағасы тұтастай төмендейді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономистерінің пікірінше, энергияның әділетті тарифтері жергілікті экономиканың дамуына айырықша серпін берер еді. Бұл мәселені зерттеген сарапшылар мына оймен бір ауыздан келіседі: егер ірі және орта бизнес субсидияланса, қомақты қаражат бос қалады. Статистикаға сүйенсек, мысалы, мұндай жағдайда өнеркәсіп өндірісінің өсімі 3% -ға артады, деп атап өтті депутат.
Ол 2017 жылы Ұлттық экономика министрлігінің өзіне осындай міндет қойғанын, яғни барлық адам үшін тарифтерді бірдей қылу керек дегенін еске салды.
"Сонымен бірге, әлеуметтік осал топтар үшін: жағдайы төмен және әлеуметтік қорғалатын санаттағы тұтынушылар үшін төмендетілген немесе жеңілдетілген тарифтер қалдырылады делінген. Қазіргі уақытта барлық топтар үшін тарифтер тек Алматы мен Алматы облысында және Ақтау қаласында барлығына бірдей, онда бір киловатт үшін 19,71 теңге төленеді. Құрметті Роман Васильевич, сізден тұтынушылардың басқа санаттары есебінен халыққа тарифтерді субсидиялау бойынша мемлекеттік саясаттан бас тарту мүмкіндігін қарастыруды және барлық тұтынушы топтар үшін әділ бағаны белгілеуіңізді сұраймын. Сондай-ақ халықтың мұқтаж және әлеуметтік әлсіз топтары үшін тарифтерді мақсатты түрде төмендетудің тетіктерін әзірлеу қажет. Үкіметтің басты міндеті бағаны ауыздықтау ғана емес, халықтың кірісінің өсуі де болуы керек қой", - деп сөзін түйіндеді Имашева.