Федералдық салық қызметінің төрағасы Ресей үкіметінің басшысы болуы мүмкін
Ресей президенті Владимир Путин үкімет басшылығына Федералдық салық қызметінің төрағасы Михаил Мишустиннің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды centralasian.org.
Айта кетсек, Ресей үкіметі 15 қаңтардың кешінде отставкаға кетті. Одан бірнеше сағат бұрын Владимир Путин Федерация Кеңесінде кезекті жолдауын жариялап, Конституцияны өзгертуді ұсынған. Ол президенттің жарты құқықтары парламентке және мемлекеттік кеңеске өткізу жөнінде айтқан.
53 жастағы Михаил Мишустин Федералдық салық қызметін 2010 жылдан бері басқарып келді. Осыған дейін ол инвестициялық бизнесте және үкіметте істеген.
2014 жылы Forbes журналы оның әйелін 160 миллион рубль жылдық кірісі барын айтып, шенеуніктердің ең бай әйелі ретінде көрсеткен.
Мишустин хоккей лигасында ойнайды. Спорттың бұл түріне Ресей президенті де қызығатыны белгілі.
Ресей үкіметінің қазіргі құрамы 2018 жылы құрылған. Медведев үкіметті 2012 жылдан бері үкіметті басқарып келген. Ол 2008-2012 жылдары президент қызметін атқарып, үкіметті Путин басқарған.