Материалдық резервтер комитетінің "Балқаш" филиалы директоры пара алды
zakon.kz
Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" РМК "Балқаш" филиалының директоры пара алды деп айыпталуда.
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" ШЖҚ РМК "Балқаш" филиалының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол жұмыс бойынша жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерден пара алды деп күдіктенеді.
Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript