Жаңалықтар тізбегі
0

Роман Скляр ГФР бизнесмендерімен елімізге тікелей инвестиция тарту мәселесін талқылады

ҚР ИИДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2020 21:47 ҚР ИИДМ
Соңғы жылдары машина жасау, құрылыс, химия, энергетика, ЖЭК, агроөнеркәсіптік кешен, сауда, шикізат кен орындарын игеру салаларында және экономиканың басқа да секторларында 2 млрд еуродан астам сомаға бірлескен инвестициялық жобалар іске асырылды

Осы жылдың 20 қаңтарында Германия Федеративтік Республикасының Дортмунд қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың неміс бизнесінің өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге 40-тан астам неміс компанияларының басшылары қатысты.

"Екіжақты қарым-қатынас тәжірибесі Германияның сенімді серіктес екенін көрсетеді. Біз бір орында тұрмаймыз және сізбен бірге барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту және дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер тапқымыз келеді. Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 1000-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді", — деп атап өтті Р. Скляр өз сөзінде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2020 21:47

Үкімет басшысының орынбасары екі ел арасындағы серпінді бизнес-ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне, неміс инвестицияларын тартуға, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі нақты мәселелерді талқылауға және Қазақстан экономикасы үшін аса маңызды бағыттарға тоқталды.

Өз кезегінде Герман экономикасының Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Оливер Гермес бүкіл әлемге танымал неміс өндірушілері – "Siemens", "Dillinger Hüttenwerke AG", "OTTO Fuchs KG", "DMT Group" және тағы басқа екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын қарқындатудың маңыздылығы туралы айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2020 21:47

Тұтастай алғанда, соңғы жылдары машина жасау, құрылыс, химия, энергетика, ЖЭК, агроөнеркәсіптік кешен, сауда, шикізат кен орындарын игеру салаларында және экономиканың басқа да секторларында 2 млрд еуродан астам сомаға бірлескен инвестициялық жобалар іске асырылды. Олардың 90%-дан астамы "шикізаттық емес" секторға тиесілі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: