"Ана капиталы" дегенді қазақ естімеген – билікке соққы болған 5 оқиға

AP Photo, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2020 14:28 AP Photo
Егер билік "ана капиталын" енгізсе, сол сәтте қоғам назары бірден соған ауады және билікке деген сенім артады.

Осы он күндікте қазақ қоғамы мен билігіне идеологиялық, саяси тұрғыдан біраз соққы жасалған сияқты, деп пайымдайды желіде Асхат Қасенғали.

Мәселен дейді ол:

1. Автокөліктерді тіркеу мәселесі халықтың билікке деген онсызда аз сенім капиталын тағы төкті. Билік минус ұпай болды.

2. Өзбекстан Еуразиялық Экономикалық Одаққа кірмейміз деді. Қазақ қоғамы онсыз да сынап жүрген бұл одақсымақты тағы табалап, біздің шығуымыз керектігін айтты. Билік тағы да минус ұпай болды.

3. Ресей билігі бірінші дүниеге келген балаға 2,8 млн теңге, ал екіншісіне 3,8 млн теңге беретінін айтты. "Ана капиталы" дегенді естіп көрмеген қазақ қоғамы шу ете қалды. Бұл жаңалық АСП дауымен тұспа-тұс келгендіктен билік тағы да минус ұпай болды. Оның үстіне бұл Путинді ұнататын, орманға қарап ұлитындарға да ұпай болды.

4. Путин мектеп оқушылары 4-сыныпқа дейін тегін тамақтанатынын айтты. Айдаладағы жаңалық болса да, билік тағы минус ұпай алды. Өйткені бұл мәселе бізде өткір тұр.

5. Лукашенко Ресей Қазақстанға мұнай сатуға тыйым салып, кедергі жасап отырғанын айтты. Билік тағы минус ұпай алды. Өйткені қоғам "біз расымен тәуелсізбіз бе" деген сұраққа қалды.

ПыСы: Қазақ билігі осындай сыртқы соққыларға жауап берсе жақсы болар еді. Ең жақсы жауап, "Ана капиталын" енгізу. Сол сәтте қоғам назары бірден соған ауады және билікке деген сенім артады, дейді пост авторы.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: