Диктатор Ровач Алимов: түркіменстандықтар тыйым салынған фильмді көріп қойды

Netflix, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2020 15:13 Netflix
Бұл фильм түркімен өмірін елестетеді делініп, Түркіменстанда көрсетуге тыйым салынған.

Өзбекстанмен шекаралас Лебап уәлаятының тұрғындары 21 қаңтарда шулы "6 Underground/Елес алтылық" фильмін көруге мүмкіндік алды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Түркіменстанда тыйым салынған америкалық жауынгерлік жанрындағы фильм сейсенбі күні кешкісін өзбектің "Севимли" телеканалынан көрсетілген.

Netflix компаниясының өнімі болып саналатын бұл фильм түркімен өмірін елестетеді делініп, Түркіменстанда көрсетуге тыйым салынған.

Фильмді көрген тұрғындардың айтуынша, фильмде түркімен атауы, түркімен тілі, тіптен түркіменнің мемлекеттік рәміздері кездеседі.

"Фильмдегі диктатор Ровач Алимовтың (Бұл фильмдегі бас зұлым кейіпкер) Гурбангулы [Бердімұхамедов] екенін білдік. Оның әрекеттерінің бәрі Гурбангулыны еске түсіреді",- дейді Азаттықтың түркімен қызметі тілшісіне сұқбат беруші.

"6 Underground/Елес алтылық" фильмінің премьерасы былтыр желтоқсан айында көрсетілді. Бюджеті 150 миллион доллар. Онда американың голливуд жұлдыздары ойнайды. Сюжет желісі бойынша америкалық миллиардер Тургистан еліне демократия орнатқысы келеді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: