Қазақтың Әбіләзовқа сенгені дұрыс па?
facebook.com / Қуандық Шамахайұлы
Әбіләзовтың да, Храпуновтың да ойлағандары халықтың қамынан алыстау жатыр-ау!
Шетелге қашып шығып, оппозиционер болып жүргендердің бәрі сүттен ақ, судан таза ма, деген сауал тастады желіде Қуандық Шамахайұлы.
Мысалы, Мұхтар Әбіләзовты айтпағанның өзінде (сол-ақ керемет көсем бола қойсыншы) Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов ше? Әкежан Қажыгелдин және оның маңында жүрген әкім-қаралар. Олардың өздері де биліктегі ірі тұлғалармен кейбірі, Назарбаевпен де жолығып, байланыс жасап тұратындарын кейде мәлімдеп қалады ғой. Мейлі, субъективті болса да, менің өз пікірім, олардың ешбірі Қазақстанды ұшпаққа шығарайын, елге демократиялық құндылықтарды орнықтырайын, халықтың қамын күйттейін деп жүрген жоқ секілді, дейді ол.
Соған қарамастан, демократиялық қайраткердің, саяси қуғын-сүргін құрбандарының маскасын киіп алып, өздерін ғана қорғауды көздейтіндей.
Әбіләзовтың да, Храпуновтың да ойлағандары халықтың қамынан алыстау жатыр-ау! Одан гөрі билікпен арадағы дау-дамайларының түп-төркіні "ортақ қазандағы мол астан сен көп жеп қойдың, менікі аздау болып кетті, канеки, қайтадан тең бөлісейік" деген дау-дамайдың төңірегінен ұзамайтындай көріне береді. Ендеше, "қазаннан қақпақ кеткен мына заманда" олар кімді жарылқай қояр дейсің. Ал, айтыңдаршы, кімге сенейік, дейді пост авторы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript