Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2020 18:19 Inbusiness.kz
Бұл лауазымды қызметке Ермек Көшербаев жайғасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі ҚР елшісін тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Ермек Беделбайұлы Көшербаев Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалсын" делінген Жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Көшербаев Ермек Беделбайұлы 1965 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген – тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих мұғалімі, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген – Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат, дипломат.

Еңбек жолы:

- Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің құпия құжаттарды сақтау жөніндегі аға инспекторы (08.1988 – 09.1988);

- Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (09.1988 – 10.1989);

- Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі Баспасөз және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы (11.1989 – 06.1990);

- Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің консулдық бөлімінің бірінші хатшысы (06.1990 – 09.1991);

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері бөлімінің бірінші хатшысы (05.1993 – 08.1993);

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттамасының бірінші хатшысы (08.1993 – 12.1993);

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама бюросының бөлім бастығы (12.1993 – 06.1994);

- Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің халықаралық бөлімінің консультанты (06.1994 – 01.1996);

- Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы (01.1996 – 04.1996);

- Швейцария Конфедерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің бірінші хатшысы, Берн, Швейцария Конфедерациясы (04.1996 – 08.1997);

- Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, Алматы (08.1997 – 10.1997);

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі (10.1997 – 11.1999);

- "Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры" қоғамдық қоры директорының коммерциялық және жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары (01.2000 – 05.2000);

- "Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры" қоғамдық қоры директорының бірінші орынбасары (05.2000 – 10.2000);

- "ҚазТрансОйл" Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" жабық акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің жетекшісі (10.2000 – 01.2001);

- "ҚазТрансОйл" Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" жабық акционерлік қоғамы президенті аппаратының басшысы, (01.2001 – 06.2001);

- "Транспорт Нефти и Газа" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі (06.2001 – 03.2002);

- "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Президенті аппаратының жетекшісі (03.2002 – 01.2003);

- "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ бірінші вице-президентінің кеңесшісі (01.2003 – 03.2003);

- "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ Президенті аппаратының басшысы (03.2003 – 12.2003);

- "Рауан Медиа Групп" акционерлік қоғамының бас директоры (12.2003 – 05-05);

- "Отан" Республикалық саяси партиясы орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары (05.2004 – 08.2004);

- "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Президенті аппаратының басшысы (08.2004 – 04.2005);

- "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің ұлттық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының бірінші орынбасары (04.2005 – 05.2006);

- "Отан" республикалық саяси партиясы орталық аппаратының жетекшісі (05.2006 – 02.2007);

- "Бүркіт" қаржы-өндірістік тобының директоры, Астана қ. (02.2007 – 07.2007);

- "KazEnerqy" мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры, Астана қ. (11.2007 – 04.2008);

- "Рауан Медиа Групп" акционерлік қоғамының бас директоры, Астана қ. (04.2008 – 05.2008);

- "Рауан Медиа Групп" акционерлік қоғамының бас директоры, Астана қ. (05.2008 – 02.2009);

- "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, Семей қ. (02.2009 – 07.2010);

- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы (07.2010 – 09.2010);

- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (09.2010 – 10.2012);

- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (10.2012 – 12.2014);

- ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі (12.2014 – 10.2016);

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016 – 05.2018);

- ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018 – 01.2019);

- ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары (01.2019 ж. бері).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: