Нұр-Сұлтан мектептерінде бүгін сабақ болмайды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2020 15:57 Pixabay
Елордада аяз күшейіп тұр.

Нұр-Сұлтанда 30 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін, яғни 30 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды" делінген арнайы хабарламада.

Синоптиктердің хабарлауынша, 30 қаңтарда Қазақстанның барлық аумағына дерлік солтүстік-батыс антициклоны жүреді, соған байланысты республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуімен аздап қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел екпіні күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: