Жаңалықтар тізбегі
0

Сенатта салық келісімдеріне қатысты шараларды орындау жөніндегі Көпжақты конвенция қаралды

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2020 23:32 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында "Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияның негізгі мақсаты қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдерде көзделген салықтық жеңілдіктерді қолданудағы теріс пайдаланушылықтармен күрес болып табылады. Көпжақты конвенция салық төлеуден жалтару мақсатында пайданы салығы төмен юрисдикцияларға ауыстыруға жол бермеуге бағытталған, бұл кәсіпкерлік қызмет іс жүзінде жүзеге асырылатын мемлекетте пайдаға салық салуды қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл ретте, осы Көпжақты конвенция ҚССБК бойынша әріптес мемлекеттің әрқайсысымен келіссөздер жүргізбей барлық жасалған ҚССБК-ға өзгерістер енгізетін көпжақты құрал болып табылады.

Көпжақты конвенция төмендегідей стандарттарды үйлестіруді көздейді:

- барлық жасалған ҚССБК-да ортақ идеяны белгілеу, соған сәйкес ҚССБК-ны салық салудан жалтару мақсатында пайдалануға болмайды;

- қос резиденттігі бар тұлғаларға салық салудағы айырмашылықтарды жою;

- келісімшарттарды бөліп тастау, агенттік, комиссиялық келісімдерді, белгілі бір қызмет түрлеріне арналған арнайы ерекшеліктерді пайдалану есебінен тұрақты өкілдік мәртебесінен жасанды жолмен жалтаруға жол бермеу;

- жылжымайтын мүлік орналасқан елде жылжымайтын мүлікті жанама сатудан түсетін табысқа салық салуды қамтамасыз ету;

- дауларды шешудің тиімділігін арттыру.

"Көпжақты конвенция халықаралық салық келісімдерінің бірқатар ережелерін тез өзгертуге және ірі трансұлттық корпорациялар үшін салық салудан жалтару мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік беретін тетік болып табылады. Атап айтқанда, конвенция елдерге ұлттық фискалдық саясатты жүргізуде икемді болу үшін келісілген ең аз стандарттарды белгілі бір ескертпелермен қолдану арқылы қазіргі халықаралық салықтық келісімдерге BEPS бастамасының негізгі ережелерін енгізуді көздейді", - деді сенатор Ғұмар Дүйсембаев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде көпжақты конвенцияға әлемнің 93 елі қосылды, 38 ел ратификациялады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: