Жаңалықтар тізбегі
0

Қанша Қазақстан азаматтарының шетелде жылжымайтын мүлкі бар - БАҚ

Pinterest, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2020 18:50 Pinterest
Қазақстандықтар көбіне баспананы Түркия, Ресей, Испания және Болгария елдерінен алады екен.

Шетелде жеті мыңға жуық қазақстандықтың жылжымайтын мүлігі бар, деп хабарлайды zakon.kz Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінен алынған. Қазақстандықтар көбіне баспананы Түркия, Ресей, Испания және Болгария елдерінен алады екен. Риэлторлардың айтуынша, бұл елдерде үйдің орташа бағасы 7 миллион теңгеден басталады.

Елордалық кәсіпкер Айдос Балтаев әскери және құрылыс киімдерін шығаратын мамандандырылған серіктестікке ие. 2007 жылы ол Дубайдың элиталық ауданынан пәтер сатып алған. Оның бағасы ол кезде 100 мың доллар болыпты. Айдос мұны болашаққа жасалған жақсы инвестиция деп санайды. Оның айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктерінде баспанасы бар көптеген отандастарымыз бар. Мысалы, ол сол өзіне қарама-қарсы пәтерді Нұр-Сұлтандағы досы сатып алғанын айтады.

- Біздікі бір бөлмелі пәтер бар: зал мен ас үй. Ал онікі де бір бөлмелі пәтер, бірақ біздікінен үлкен: зал, жатын бөлме және ас үй. Онда досым өзі тұрып жатыр. Арабтардың стандарты бойынша бұл - 97 шаршы метр. Біздің үйде достарым тұрады, жалға алып, әрине. Дубайдағы пәтеріміздің қазіргі құны шамамен 400 мың доллар болады. Бәлкім, бұл 2020 жылы Дубайда ЭКСПО көрмесі өткізілгелі жатқанымен байланысты шығар, - дейді Айдос Балтаев.

Түркиядан 2019 жылы 776 қазақстандық үй сатып алған. Сол елдің статистика институтының мәліметтері бойынша, ең тартымды қалалар - Ыстамбұл, Анталия және Анкара.

Отандық риэлторлардың айтуынша, отандастарымыздың арасында соңғы күндері Грузия мен Кипрге деген қызығушылық та артқан. Бұл елдерде де үйдің орташа құны 7 миллион теңгеден басталады. Бір қызығы, шетелде келісімшартқа қатысушылардың үлесін сатып алушылар емес, құрылыс компаниясы төлейді. Олардың пайдасы жалпы соманың 4-тен 8% -на дейін құрайды.

Риэлтор Жан Рысбаев шетелден пәтер сатып алатын адамдарды негізгі үш категорияға бөледі:

- Негізінен, көптеген адамдар баласының болашағын ойлайды, яғни "сатып алыңыз, балаларға ертең керек болады" деген оймен. Көбісі денсаулығына байланысты іздейді. Менің жасы 60-тан асқан көптеген клиенттерім бар. Теңізге барып келе алатындай жерлерді іздейді көбіне олар. Әрине, бизнес үшін іздейтіндер де бар, ондайда бір емес, бірнеше нарықтың есігі ашылады бізге, - дейді ол.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 6 913 қазақстандық республикадан тыс жердегі 8174 нысанды заңдастырған. Бірақ ведомствадағылар сырттан заңдастырылған барлық мүліктің жалпы құнын әлі жариялаған жоқ. Мүмкін, 2021 жылы басталатын жалпыұлттық декларацияға көшкеннен кейін біз шетелдегі жылжымайтын мүліктің құнын біле алатын болармыз. Өткен жылдағы сатып алулар туралы ақпарат 31 наурызда жарияланды. Осы уақытқа дейін ел тұрғындары өздерінің шетелдегі мүліктерін тіркеуі керек болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: