Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2020 19:03 Ж.Құспанов
Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары лотереялар және лотерея қызметі мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды деп күтілуде.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары лотереялар және лотерея қызметі мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды деп күтілуде.

Сондай-ақ, екінші оқылымда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасын назарға алатын болады.

Осы күні бірқатар ратификациялық құжаттар да халық қалаулыларының назарына ұсынылатын болады. Олардың қатарында 2006 жылғы 6 қарашадағы Армениямен Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан және Армения уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы, сонымен қатар, Бразилиямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобалары бар.

Бюро отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауын және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде "Қалалық және ауылдық мектептердегі орта білім берудің сапасы. Проблемалар және оларды шешу жолдары" тақырыбында парламенттік тыңдау өткізу мәселесі де назардан тыс қалмады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: