Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы наурызда "Nur Otan" партиясының Саяси Кеңесін өткізеді

kstnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2020 19:31 kstnews.kz
Биыл партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының 2025 жылға дейінгі екінші кезеңін іске асыру басталады.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысына қатысып, онда "Nur Otan" партиясының қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік қағидаттарын іске асырудағы рөлі" тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде Бауыржан Байбек биылғы наурызда Елбасының қатысуымен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партия төрағасы Бірінші орынбасарының сөзіне қарағанда, Саяси кеңесте қаралатын мәселелердің бірі ретінде партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және партияішілік тәртіпті сақтау бойынша жұмысы сөз болмақ. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру қорытындысы шығарылады.

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, Қазақстан 2050 даму стратегиясының мақсаттарына мемлекет пен қоғамның жемқорлыққа қарсы бірлескен күресі арқылы қол жеткізуге болады. Сыбайлас жемқорлық – еліміздің барлық жетістіктеріне себеп болған Тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін басты факторлардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күресті өзінің Сайлауалды бағдарламасының басты бағыты ретінде айқындады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл "Nur Otan" партиясы үшін басымды бағыттардың бірі болып табылады - деді Бауыржан Байбек.

Биыл партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының 2025 жылға дейінгі екінші кезеңін іске асыру басталады.

Партия мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық бақылауды күшейту, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігін кеңейту, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар субъектілерінің шеңберін кеңейту және мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық, сонымен бірге басқа да ақылы жұмысты іске асыру тәртібі бойынша заң жобаларын әзірлеуді көздейтін екінші кезеңнің Жол картасын жасаған.

Сондай-ақ, Жол картасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық рейтингтерде, соның ішінде "Transparency International" сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша іс-шаралар қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: