АҚШ санкциялардың қазақстандықтарға тиіп кетпеуін қадағалауға тырысады
vestifinance.ru
Мемлекеттік департамент біздің заңды және жеке тұлғаларға санкцияның әсері болуына жол бермеу мақсатында қазақстандық тарапты қолдап келеді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті қазақстандық жеке және заңды тұлғаларды санкцияға ұшыратпауға тырысады. Бұл туралы бүгін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қазақстанға ресми сапарына орай өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
- Әріптесім екеуміз АҚШ-тың санкциялар саясаты аясында Қазақстанның экономикалық өсімі мәселелерін талқыладық. Мемлекеттік департамент біздің заңды және жеке тұлғаларға санкцияның әсері болуына жол бермеу мақсатында қазақстандық тарапты қолдап келеді, - деді министр.
Оның айтуынша, ресми кездесу барысында тараптар келісімшарт базасын толықтыру, жаңа келісімге келу, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыру мен аймақтық форматта АҚШ-пен ынтымақтастықты нығайтуға назар аударды.
- Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында жақында қол қойылған құжаттар арасында "ашық аспан" қағидатындағы әуе қатынастары келісімін баса айта кеткен жөн. Ол біздің елдеріміз арасында тікелей рейстердің ашылуымен қатар, қазақстандық әуе компаниялар мен әуежайларға қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді, - деп сөзін түйіндеді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript