Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қытай лагерлеріндегі этникалық қазақтар жайына тоқталды

eadaily.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 03:02 eadaily.com
Біз бәрін Қытай босқындарын қауіпсіз баспанамен қамтамасыз етуге шақырамыз - Помпео.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді адам саудасы мәселесін, Шыңжаңдағы сауат ашу лагерлеріндегі мұсылман ұйғырлар мен этникалық қазақтардың ауыр тағдырын талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Адамның негізгі құқықтарын қорғау ұлттың рухын айшықтайды. Біз адам саудасы, Қазақстанмен шекаралас Шыңжаңдағы сауат ашу лагерлерінде отырған миллионнан астам мұсылман ұйғырлар мен этникалық қазақтардың ауыр жағдайын талқыладық. АҚШ барлық елдерді осы репрессияларды тоқтатуды талап етуге шақырады. Біз бәрін Қытай босқындарын қауіпсіз баспанамен қамтамасыз етуге шақырамыз, - деді Майк Помпео.

Сондай-ақ арнайы баспасөз мәслихатында ол Қазақстанның Ирак пен Сириядан лаңкес содырлар қатарына жүрген отандастарын қайтару мәселесіне де тоқтала кетті.

"Сот төрелігі мәселесі бойынша Сіздердің мойынға алған жауапкершіліктеріңіз басқа елдерді де ынталандырады деп сенемін. Терроризм мен исламдық экстремизм мәселелерін шешудегі ынтымақтастық саласындағы C5 + 1 жетістіктерін атап өткім келеді. Осы топтағы Қазақстанның көшбасшылығы онда қойылған міндеттерді орындауын қамтамасыз етеді деп айтуға болады", - деп сөзін түйіндеді АҚШ Мемлекеттік хатшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: