Нұр-Сұлтанда 18 жастағы хоккейші қайтыс болды

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 17:07 Facebook
Вилен Прокофьев арамызда жоқ енді.

Астаналық "Снежные барсы" хоккей клубының ойыншысы Вилен Прокофьев көз жұмды. Бұл туралы клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды, дейді Sputnik.

Бұған дейін 18 жастағы қақпашы Вилен Прокофьевте қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталған болатын. Оған өте қымбат емдеу қажет болған.

"Біз Виленнің жақындарына, достарына және оны таныған адамдарға көңіл айтамыз. Оны қолдағандарға алғыс білдіреміз", - деп жазды "Барыс" хоккей клубы.

"Барыс" хоккей клубы қараша айында қайырымдылық акция өткізіп, Вилен Прокофьевтің еміне қаражат жинаған болатын.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: