Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында мал ұрлауға машықтанған топ ұсталды

pikabu.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2020 16:00 pikabu.ru
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілерден ұрланған малды сатып алушы да анықталды.

Жамбыл ауданының тәртіп сақшылары мал ұрлығын кәсіп қылды деген күдікке ілінген қылмыстық топты құрықтады. Топ құрамында 23-26 жастағы үш жергілікті тұрғын болған. Бұлтартпас айғақтар арқасында олардың мал ұрлығының жеті дерегіне қатысы бары дәлелденді. Тергеу барысында олардың өткен жылдың тамыз айынан бері өздерінің жымысқы әрекеттерін іске асырғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың бірқатар мал ұрлығына, оның ішінде ірі малмен қатар, қойлардың ұрлығына қатысы бары дәлелденді. Топ мүшелеріне 3 жылқыны, 5 сиырды және 48 қойды ұрлады деген айып тағылды. Олардың тұрғындарға келтірген материалдық шығындары есептелуде", - деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілерден ұрланған малды сатып алушы да анықталды. Тәртіп сақшылары сатып алушыдан қолды болған 3 сиырды тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды. Әшкере болған қылмыстардың ішінде малының қолды болғаны туралы ішкі істер органдарына хабар бермеген тұрғындардың да малы бар. Тәртіп сақшылары барымташылар жайылымнан сойып алып кеткен малдардың заңды иелерін анықтау жұмыстарын да жүргізуде.

Қылмыстық өндіріс аудандық полицейлердің өндірісінде. Тәртіп сақшылары күдіктілердің өңірдегі бұған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеруде. Сонымен қатар, полицейлер ұрланған малды сатып алушыны да қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруда. Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелері мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Олар мінген көлік сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталғанға дейін арнайы тұраққа тоғытылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: