Жаңалықтар тізбегі
0

Д.Назарбаева жастардың жұмыссыздығына алаңдаушылық білдірді

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2020 22:22 Ж.Құспанов
Елімізде әрбір бесінші қазақстандық 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жастар кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жастар мен жастар саясаты әрдайым мемлекетіміздің басты назарында. Мұның демографиялық себептері бар, өйткені елімізде әрбір бесінші қазақстандық 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Жастар кеңесінің алғашқы отырысының ашылуында сөз алған Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева бүгінде ауылдық жерлерден қалаларға келген жастардың әлеуметтік бейімделу мәселесі, жұмыссыздық проблемасы өткір мәселе күйінде қалып отырғанын атап өтті.

- Жас ұрпақ - елдің прогресі мен дамуының негізгі қозғаушы күші екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Бұл дегеніміз, жастарға жақсы білім алуға, заманауи кәсіби даярлықтан өтуге, өзін-өзі дамытуға, Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер берілуі керек. Елбасы мен Президент Тоқаев жастармен жұмыс істеуге және жаңа ұрпақты тәрбиелеуге қаншалықты көңіл бөлетінін көріп отырмыз. Өткен жыл Жастар жылы деп жарияланды, ал ағымдағы жыл - Еріктілер жылы. Бұл жастардың бастамаларын қолдауға арналған әртүрлі бағдарламаларға қосымша серпін береді, сонымен бірге мемлекеттік саясаттың тиімділігін көрсетеді. Мемлекеттің қолдауы көпшілікке түсінікті болып, нәтижелері халыққа анық көрінуі керек. Ең алдымен, жастарға. Біздің Кеңес туралы және оның алдына қойған міндеттері туралы бірнеше сөз. Жастар кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының консультативтік-кеңесші органы болып табылады және жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін қарастырады. Кеңесті құру туралы шешім Сенат Бюросының бірауыздан қолдауымен қабылданды, Кеңес туралы ереже және оның негізгі жұмыс жоспары бекітілді. Кеңес құрамына Парламент депутаттары, облыстық мәслихаттар депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес жастар ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді. Кеңес іс жүзінде қандай қызмет атқарады? Мемлекеттің, министрліктер мен ведомстволардың жастар саясатын жүзеге асыруда атқарып жатқан жұмыстары туралы бәріміз білеміз. Мемлекет бөлетін қаражат көлемі мен оны жұмсайтын бағдарламаларда белгілі. Бірақ, сонымен бірге біз елдегі көптеген жастарға қатысты мәселелер шешілмей, тек жылдан жылға проблема көбейіп бара жатқанын көріп отырмыз. Ауылдық жерлерден қалаларға келген жастардың әлеуметтік бейімделу мәселесі, жұмыссыздық проблемасы өткір мәселе күйінде қалып отыр. Біздің кеңестің міндеті - тұрақты жұмыс алаңына айналу, онда қоғамдастықтың, атқарушы билік пен заң шығару органдарының, облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен мәселелер талқыланады. Біздің жұмысымыздың практикалық нәтижесі - заңнамалық актілерге түзетулер, республикалық және облыстық атқарушы органдарға ұсынымдар енгізу. Қазір "Нетворкинг" ұғымы жастарға өте жақын. Осы Жастар Кеңесі сіздермен ашық пікір алмасып, байланыс орнататын, тың идеяларыңызды бірге талқылайтын алаң болады деп сенемін. Сенат жанындағы Жастар кеңесін бос әңгімелер мен жақсы сөздер айтып ғана қоятын жиналысқа айналдырмау біздің ортақ міндетіміз. Жастар кеңесі өте жақсы әлеуетке ие және біздің болашағымыз үшін жұмыс істейтін үлкен алаңға айналатынына сенімдімін, деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: