Жаңалықтар тізбегі
0

Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2020 19:08 primeminister.kz
Ж.Жахметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы Қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жахметова Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ж. Жахметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ЖФ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ақпараттандыру саласындағы Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы шілде айына дейін — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.

2017 жылғы шілдеден қазіргі таңға дейін "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: