Ресейдің "Бірінші арнасы" коронавирус індетінің Трамппен байланысы барын айтты
Ресейдің "Время" жаңалықтар қорытынды бағдарламасында 563 адам қайтыс болған 2019-nCoV коронавирусы америкалықтар жаса шығарған биологиялық қару болуы мүмкін екендігі айтылды. Тіптіғ оның атауына түсініктеме де табылған, деп хабарлайды zakon.kz fontanka.ru сайтына сілтеме жасап
Ал енді мәселенің екінші жағына келелік. Мәселен, көлеңкелі тұсына. Конспирологияға! Бұл теория бұл жолы этимологиямен пара-пар <...> Вирустың атауынан шығу тегін анықтауға болады. Қараңыздаршы! Ол қалай аталады? К-о-р-о-н-а-вирус. "Корона" сөзін алыңыздаршы. Ол сөз бірінші орында қолданылады. Сондықтан да оның, міне, жауабы. Қытайдың әлемдік аренадағы басты қарсыласы Дональд Трамп Президент болғанға дейін немен айналысты? Дұрыс, тәждер таратқан! Өзінің әйгілі сұлулық байқауларында. Сонымен, коронавирус сөзінің түп-төркіні, ең бастысы, оны қолданудағы мақсаттар мен міндеттер, міне айқын болды, - деген болжаммен Бірінші арна эфирінің жетекшісі Кирилл Клейменов бөлісті.
Шамасы, федералды арнаның эфирінен мұндайдың айтылғаны тосын әрі түсініксіз болып көрінуі мүмкін екенін түсінемін деген ол: "Не айтып жатыр мыналар, тіптен ақылға қонымсыз дерсіздер, егер Кирилл Брайнин дайындаған материал болмағанда, мен де сіздерге қосылар едім", - дейді.
Содан кейін экранда үрей туғызатын музыкамен: Коронавирус конспирология" деген сюжет тақырыбы беріледі. Онда Брайнин бес минут бойына көрерменді вирустың қолдан жасалуы мүмкін екендігіне көз жеткізуге тырысады. Интернеттегі сюжеттер, ғалымдар мен шақырылған ресейлік сарапшылардың қысқа сұқбаты қолданылады. "Дипломатиялық иммунитеті бар Америка Құрама Штаттарының сарапшылары адамдарға эксперименттер жүргізді, сол күні белгісіз себептермен 24 адам қайтыс болды", - дейді америкалық тәжірибелерге шолу жасаған арна.
Ресейлік әскери сарапшылардың бұл эксперименттерге қызығушылық танытқандығы да айтылады. Брейнин атап өткендей, сондай-ақ АҚШ "этникалық биоқару" ойлап тапқан болуы мүмкін, бірақ оған әлі де дәлелдер аз көрінеді.
Жаңалықтардың соңында журналист сюжетті жариялаған Кирилл Клейменов дегенді қайталап айтады. Айта кету керек, 5-ақпандағы 40 минуттық "Время" ресейлік жаңалықтарында коронавирус туралы бірнеше сюжет болды. АҚШ президенті мен эпидемия арасындағы қарым-қатынас теориясы 20 минуттан кейінгі кезеңінде басталады. Трамп, вирус және тәждің суреті YouTube-тегі "Бірінші арна жаңалықтары" арнасының preview шығарылымына орналастырып қойылған.
Оқи отырыңыз: Пентагон Ресей мен Қытайды әлемдік тәртіпті өзгертуге тырысып жатыр деп айыптады