Жаңалықтар тізбегі
0

Көлік жөніндегі кеңес құрылды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2020 18:43 primeminister.kz
Үкімет басшысы көлік секторы Қазақстанның ЖІӨ 8,2% құрайтынын атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

"Еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері – Үкімет жұмысының аса маңызды бағыты. Көлік саласы Қазақстанның экономикалық өсімінің драйверлерінің бірі және дамудың үлкен әлекетіне ие. Осыған байланысты Көлік жөніндегі кеңесті құру туралы шешім қабылданды", — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы көлік секторы Қазақстанның ЖІӨ 8,2% құрайтынын атап өтті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша сала өсімінің қарқыны 5,1% құрады, ал жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны 640 мың адамнан асады.

Көлік жөніндегі кеңес Қазақстанның көлік саласын және транзиттік әлеуетін дамытудың өзекті мәселелерін, өңірлік көлік-логистикалық хабты құру, тұрғындардың мобильділігін арттыру, ел аумағы бойынша жүктердің жеткізілу мерзімін қысқарту т. б. міндеттерді қарастырады.

Кеңес құрамына ҚР мемлекеттік органдарының және көлік саласындағы ірі компаниялардың басшылары кірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: