Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2020 18:51 Ж.Құспанов
Палата Төрағасы Мәжілісте қаралып жатқан маңызды заң жобаларына ерекше көңіл бөлді.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Онда депутаттар назарына бірқатар ратификациялық құжаттар ұсынылмақ, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және оның Жарғыларына өзгерістер енгізуді көздейтін хаттамаларға қатысты бірқатар заң жобалар бар.

Сондай-ақ, аталған ұйымның құқықтық мәртебесіне қатысты Заң жобасы да алдағы сәрсенбіде Палата қарауына енгізілетін болады.

Бұл құжатта ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасарлары лауазымдарын атқаратын өкілдердің әлеуметтік қорғалуын арттыру көзделген.

Алдағы жалпы отырыста мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімі бекітілмек.

Бюро отырысында "Заң көмегін көрсетудің заңнамалық негіздерін жетілдіру" тақырыбында парламенттік тыңдау өткізу мәселесіне де баса назар аударылды.

Отырыс соңында Палата Төрағасы Мәжілісте қаралып жатқан маңызды заң жобаларына ерекше көңіл бөлді.

Атап айтар болсақ, өткен аптада ауқымды құжат Экологиялық Кодекстің таныстырылым өтті. Қазірде Палата депутаттары аталған заң жобасы бойынша жан-жақты жұмысқа кірісті.

Сондай-ақ, Атом энергиясын пайдалану, тұтынушылар құқын қорғау, бизнес климатты жақсарту, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелеріне қатысты басқа да заң жобалары бойынша жұмыстар қолға алынуда.

Осы Заң жобаларының барлығы тікелей еліміздің әлеуметтік салалары мен экономикасын дамытуға бағытталғанын және оларды қабылдап жүзеге асыру қоғам өміріне оң ықпал ететінін алға тартқан Нұрлан Нығматулин:

- Аталған заң жобаларымен жұмыс әдеттегідей, үкіметтік емес ұйымдардың, парламенттік емес партиялардың, сарапшылар мен қоғамдық бірлестік мүшелерінің қатысуымен ашық жүргізілу керек, - деді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: