Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазпошта" Қытай бағытындағы қызметін тоқтатқан жоқ

g2.dcdn.lt, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2020 22:37 g2.dcdn.lt
Қазіргі уақытта ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының пошта бөлімшесі олардың тарапынан пошта заттары қабылданбайтындығын және оны жібермейтіндерін айтты, сондықтан байланыс уақытша тоқтаған

"Қазпошта" АҚ түзілген режим бойынша қалтқысыз жұмыс істеп, сәлемдемелерді сыртқа жіберіп, келгенін қабылдап алып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Пошта ұйымының баспасөз қызметі хабарлағандай, егер қандай да бір бағыт бойынша пошта қызметі тоқтатылса, онда алдын ала хабарлама жарияланады.

Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы пошта байланысын тоқтата тұру туралы көпті алаңдатқан жайтқа келетін болсақ, біз мына нәрсені нақтылай кеткіміз келеді. Бұл ақпарат біздің клиенттерімізді Қытайдан пошта жеткізуде кешігу болуы мүмкін екенін хабардар ету үшін жарияланған еді. Қытайдың пошта әкімшілігі дәстүрлі түрде автомобиль, әуе жолы, теміржол қатынастары арқылы пошта тасымалдауды ресми түрде тоқтатқан жоқ, негізінен "Қазпошта" мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданының пошта бөлімшесі арасында байланыс жүреді. Алайда, қазіргі уақытта ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының пошта бөлімшесі олардың тарапынан пошта заттары қабылданбайтындығын және оны жібермейтіндерін айтты, сондықтан байланыс уақытша тоқтаған. Қайтадан бұл байланыс қалпына келгенде біз өз тұтынушыларымызды бұдан хабардар етеміз. Ал өз кезегінде "Қазпочта" АҚ хаттарды әдеттегідей қабылдап, оны жолдаумен шұғылданып жатыр, делінген арнайы хабарламада.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайдан сәлемдемелер мен хаттарды алған кезде жаңа вирус түрі -коронавирус жұқтырудың мүмкін еместігін мәлімдеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Twitter-дегі хабарламасында айтылған. Соңғы зерттеулерге сәйкес, коронавирустар денеден тыс ұзақ өмір сүрмейді, сондықтан инфекция жұқтыру қаупі жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: