Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР АШМ: өзге елдерден қауіпті өсімдік өнімдерін алып келу фактісі тыйылмай тұр

АШМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2020 17:58 АШМ
Мысалы, елімізге Өзбекстан Республикасынан 1 321 рет "қол жүгі" арқылы тыйым салынған өсімдік өнімдерін алып кіру фактісі тіркелді.

2019 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлары - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімді Қазақстанға алып кіру барысында 2 478 заңбұзушылық анықтады, деп хабарлайды zakon.kz министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде елімізге Өзбекстан Республикасынан 1 321 рет "қол жүгі" арқылы тыйым салынған өсімдік өнімдерін алып кіру фактісі тіркелді. Сондай-ақ, 675 фитосанитариялық сертификатсыз, 189 екінші тексеруге ұсынбау, 114 карантиндік объектілерді анықталуы, 96 орамада таңбалаудың болмауы, 50 карантинге жатқызылған өнімді жарамсыз фитосанитариялық сертификатпен әкелу, 21 фитосанитариялық талаптарды бұзу, 11 карантинге жатқызылған өнімді жол жүру жолын ауыстыру және 1 тыйым салынған өнімді алып келу оқиғасы бар.

Фитосанитариялық қауіптілігі жоғары, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан шекарасынан өткізу кезінде анықталған заң бұзушылықтар туралы нақты айтатын болсақ. Өзбекстан Республикасынан 1478, РФ 734, Қырғыз Республикасынан 151, ҚХР 52 және басқа елдерден өсімдіктер карантині саласында 63 заң бұзушылық анықталды.

Заңды өрескел бұзған азаматтарға 657 әкімшілік, яғни 38,6 млн. теңгеге айыппұл салынды. Көлемі 9,6 мың тонна, 2,8 мың текше метр және 110 мың дана отырғызу материалдары бар карантинге жатқызылған 2 101 өнім партиясы кері қайтарылды.

ҚР АШМ тарапынан экспорттаушы елдерге сәйкессіздік туралы 488 нотификация жіберілді. Оның 324-і Ресей Федерациясына, 92-і Қырғыз Республикасына, 56-ы Өзбекстан Республикасына, 10-ы ҚХР және 6 нотификация басқа елдерге бағытталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: