Жаңалықтар тізбегі
0

Дін өкілдері Қордайдағы қақтығысқа қатысушы тараптарды өзара ымыраға шақырды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2020 20:28 zakon.kz
Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке алаңдаушылық білдіріп, жергілікті жұртты бітімгершілікке, ауызбіршілікке шақырады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр. Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз. Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі. Қадірлі бауырларым, сабырға келулеріңіз жақсылыққа апарады. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы. Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім. Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған. Мемлекетіміздің игі бастамалары да еліміздегі бірлікті қамтамасыз етуге, ұлттар мен діндер арасындағы өзара татулықты нығайтуға бағытталған. Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекетін, бейбітшілігі мен амандығын арттырғай. Әмин!" делінген ҚМБД хабарламасында.

Сондай-ақ Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қазы Шоқай да қазақстандықтарды бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге шақырады.

"Алла Тағала елімізді, жерімізді, дінімізді түрлі күйзелістерден, келіспеушіліктерден, араздықтардан қорғасын және ол біздің арамыздағы бейбітшілік пен тыныштықты, өркендеу мен келісімді, бірлікті, сүйіспеншілік пен құрметті күшейтсін", - дейді имам.

Ол қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты және зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектес екендігін жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: